Қостанайда патрульдік полиция жасақтарының гарнизондық жиыны өткізілді
Қостанай облысының ПД бастығы Бекет Аймағамбетов полиция қызметкерлерінің назарын ішкі істер органдарын реформалау және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Қолжетімді полиция» қағидаттарын іске асыру жөніндегі міндеттерге аударды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында ведомство басшысы қызметкерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді тіледі.
Бүгінде өңірде көшелерде және қоғамдық орындарда жаяу патрульдеуге көшудің және жасалған құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюдың арқасында қылмыстың айтарлықтай төмендегені байқалады.
Патрульдік полиция жұмысының маңызды көрсеткіштері азаматтарға көмек көрсету және қылмыстарды ізін суытпай ашу, сол үшін халықтың алғысына бөлену болып табылады.
Жыл басынан бері екі патрульдік полиция батальоны 500-ден астам қылмысты ашып, 100-ден астам жүргізушіге көмек көрсеткен.
Патрульдік полицияның барлық экипаждары қажетті құралдармен, атап айтқанда электрондық рулеткалармен, пульверизаторлармен жабдықталған. Барлық қызметкерлердің планшеттері бар.
Әрбір патрульдік полицей жол-көлік оқиғасы орнына келіп, әуелі оқиға сызбасын сызады, құжаттар кейін жергілікті полиция қызметінің ғимаратында ресімделеді. Осылайша, жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккен көліктер жолда тұрмайды, ал жол-көлік оқиғаларын тіркеу уақыты 30 минутқа дейін қысқарды.
– Бүгінде сіздер қиын жағдайда жұмыс істейсіздер және өз денсаулықтарыңызды қорғау керек. Барлық қызметкерлер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде Қостанай облысының ПД Емханасы бар госпиталін нығайту бойынша шаралар қабылдануда. Жақын арада мұнда рентген аппараты мен УДЗ аппараты пайда болады. Қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынды, – деді Бекет Аймағамбетов.
Барлық бөлімшелерде жұмыс уақытының тиімділігіне талдау жүргізіледі.
ПД бастығы полиция қызметкерлерін материалдық ынталандыру бойынша қабылданатын шаралар туралы да айтты.
– Биыл тәртіптік жазасы жоқ әрбір қызметкер короновирусқа қарсы күрес кезінде қызмет еткені үшін сыйақымен көтермеленеді. Бұл қызметкерлерді міндеттерін тиімді орындауға ынталандырады, – деді Департамент бастығы.
Патрульдік полиция ротасының командирі Марат Нұрымбетов биыл қылмысты «ізін суытпай» ашқаны үшін оған сыйақы берілгенін атап өтті. Ол өзінің серіктесімен бірге түрлі автокөліктерден бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан күдіктіні ұстады.
– Біз әуелі заң мүддесін қорғаймыз, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызмет етеміз. Алайда мұндай сыйақылардың ынталандыра түсетіні рас, – дейді полицей.
Полиция жұмысының форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта облыста полицияға 90-нан астам еріктілер ұйымы көмек көрсетеді, олардың құрамында 3 мыңға жуық адам бар.