Түзеу мекемесінде көрме ұйымдастырылды
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан ОВ-156/21 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының кітаптары мен фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елбасының бүгінге дейінгі атқарған жұмыстарын түгелдей тізіп айтып шығу әсте мүмкін емес шығар.
Ол әлемдік қауымдастық алдында да биік беделге ие болып, жаһанның алып мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орната білді. Бұл жетістіктердің ешқайсысы да тегіннен тегін келмегені анық. Осынау асқақ абырой мен беделдің артында табандылық пен ерен еңбек бар.
Елбасы жер жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды халықаралық деңгейге жеткізді.
Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Елбасының сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары.
Бүгін көрмені тамашалаған түзеу мекемесінің жеке құрамы да Елбасының жетістіктері туралы толыққанды мәліметтермен танысты.