Алматылық азамат тәртіп сақшыларына алғысын білдірді
Алматылық азамат Шиелі ауданының тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қараша күні Алматы қаласынан Байқоңыр қаласына жол тартқан Газель жүк көлігі «Шымкент-Самара» тас жолының Шиелі ауданы Тартоғай елдімекенінің тұсында бұзылып қалған.
Шиелі ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары С.Мыңбаев пен Т.Дулатов жүргізушіге көлігін жөндеуге көмек көрсеткен.
Қиналғанда қол ұзын созған аудан полицейлеріне риза болған алматылық азамат тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.