Қарттарға құрмет көрсетілді
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының полицейлері «Дүниежүзілік мүгедектер күніне» орай ардагерлерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 желтоқсан «Дүниежүзілік мүгедектер күніне» орай Қармақшы ауданының полицейлері ардагерлердің үйлеріне барып, сый-сияпаттарын табыс етті.
Полиция қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Есет Назарқұловпен бірге ішкі істер органдарының зейнеткерлері Берікбай Байжанов пен Анна Жуйкованың үйлеріне барып, оларға сыйлықтар мен азық-түлік табыстады.
Ардагерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.