Ювеналды полиция оқушылармен дәріс өткізуде
Тараз қаласының ПБ-1 ювеналды полиция тобының қызметкерлері оқушылар мен білімгерлер арасында профилактикалық іс-шаралар және дәрістер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 7 желтоқсанда Тараз қ.ПБ ОП-1 ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен бектілген мектептерінде оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімділігін арттыруға және ескертуге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Осылайша, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында ата-аналардың өз балаларының бос уақытын және қарым-қатынастарын бақылауды арттыру туралы ақпарат жеткізілді, ҚР заңнамасын түсіндіру жүзеге асырылды.
– Балалар өздерінің қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын оң бағытта өткізу жүзеге асырылуда. Қажет болған жағдайда, қиын өмірлік жағдайлардан шығу мақсатында, біз әлеуметтік қызметтерге жұмысқа орналасуға ата-аналардың тізімін жібереміз. Дәл осы отбасы баланың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға жауапты, бұл ретте біз барлық мүдделі қызметтер мен ықтимал ықпал ету ресурстарын жәрдемге тартамыз, – деп хабарлады ПБ-1 ПБ ЮПТ қызметін ұйымдастыру жөніндегі аға инспектор Ерлан Көмеков.