Таразда тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды
Тараз қалалық ПБ 1-ПБ ЖПҚб УПИ және ЮПТ УПИ-мен әкімшілік аумақта қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара ағымдағы жылдың желтоқсан айының 05-і мен 06-сы аралығында өткізілді. Іс-шара барысында әкімшілік аумақтағы тұрмысы нашар отбасылар анықталып, 1-ПБ ЖПҚб бастығы Р.Махановпен аталған отбасыларға көмек көрсету туралы шешім қабылданған болатын. 07 желтоқсан 1-ПБ ғимаратының алдында 1-ПБ бастығы Б.Нұрсейітов және полиция қызметкерлерінің қатысуымен, ЖПҚб жеке құрамымен қой сойылып, құран оқытылды. Жоғарыда анықталған отбасыларға санитарлық талаптарды сақтай отырып, азық-түлік пен қой еті таратылды.