Жеке құрам онлайн сынақтар тапсырды
Қостанай облысының Полиция департаментінде аудандық полиция бөлімдерінің басшы құрамы онлайн сынақтар тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 95 бұйрығына сәйкес қызметтік міндеттерді ойдағыдай орындау үшін қажетті білімді, іскерлікті, дағдыларды тексеру, оларды атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін қолдануға байланысты жағдайларда іс-қимылдарға дайындау мақсатында аудандық полиция бөлімдерінің басшы құрамымен сабақ өткізді. Сабаққа барлығы 50 қызметкер қатысты.
Сабақтар шеңберінде басшы құрамның ІІО қызметкерлерінің кәсіби даярлығын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, арнайы жедел жоспарларды, сондай-ақ атыс қаруын қолдану қағидаларын білуіне сынақтар қабылданды.