Тонау дерегіне қатысы бар күдікті қамаққа алынды
Жамбыл облысының полицейлері тонау қылмысын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 27 қарашада полицияға 34 жастағы ер адам Ақбұлым ауылының маңында белгісіз ер адам ұялы телефон мен алтын бұйымын тартып алғаны туралы арызданған болатын.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері тонау жасады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Ұялы телефон мен алтын бұйым иесіне қайтарылды.