Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жолда қалған зейнеткерге көмектесті

Павлодар облысында полиция қызметкерлері көлігі сынып, жолда қалған зейнеткерге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыс келгелі кейбір автокөлік иелері көліктерінің техникалық параметрлер бойынша маусымдық өзгерістерге дайын емес екендігіне көз жеткізуде. Қатты аязда айдалада ақаулы машинамен қалу өте қорқынышты.

Мәселен, 8 желтоқсан күні таңертең Ленин-Курчатов автожолымен келе жатқан 65 жастағы Николай Ефимовичті осындай сынақ күтіп тұрған еді. Жолда оның «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігі бұзылып, зейнеткер оны ұзақ уақыт бойы өз бетінше жөндеуге тырысқан, алайда бұзылған машинаны жөндеу мүмкін болмай, жағдай нашарлап, Николай Ефимович қатты тоңып қалған.

Май ауданының полицейлері Мирхат Мурзалинов пен Бауыржан Нұрділдинов қызмет атқару кезінде жол жиегінде тұрған көлікті байқап, жүргізушіге көмек қолын созған. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғынына көлігін үйіне жеткізуге көмектесті.

Зейнеткер полицейлерге қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

– Қиын жағдайда маған көмектескені және жалғыз қалдырмағаны үшін полиция қызметкерлері Мирхат пен Бауыржанға рахмет! Оларға денсаулық пен амандық, сондай-ақ қызметте табыс тілеймін, – дейді автомобилист.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру