Кісі өлтірген екеу ұсталды
Қызылордада полицейлер кезекші тәулікте кісі өлімін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 желтоқсанда жергілікті тұрғыннан жеке үйлердің бірінен белгісіз ер азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Ауыр қылмысты ашу мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар күдіктілерді іздестіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарды.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кезекші тәулікте 1998 және 1986 жылы туған екі күдікті ер адам құрықталды. Күдіктілер қала аумағында жасырынып, қашып жүрген.
Қазіргі уақытта олар Қызылорда қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.