Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жалғасуда

Облыс орталығының тұрғыны Армениядан әкелген көлігін тез арада ресімдеп берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының тұрғыны Зейнур Камаладдин Армениядан әкелінген автокөлігін тез арада ресімдеуге мүмкіндік алғаны үшін әлеуметтік желілер арқылы полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.

-Қызылорда қаласында орналасқан арнайы рұқсат беретін мекеме арқылы тиісті құжаттарды алып, Армения Республикасынан алып келген автокөлігімді Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ресімдедім. Бұл маған оңай болды, алысқа бармай-ақ өз қаламда рұқсат қағазын алып отырмын. Сол себепті осындай орталықтың ашылуына септігін тигізген полиция қызметкерлеріне және басқа да құзырлы органдарға рахметімді айтамын, – деді ол.

Бұл ретте тіркеу жұмыстарының аяқталуына аз уақыт қалғанын ескере отырып, Қызылорда облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарына Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді заңмен көзделген мерзімде тіркеп үлгеруге мүмкіндік бар екенін ескертеді. Жүргізушілерге сұрақтары бойынша 8-7242-29-73-52 нөмірі арқылы да кеңес алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру