Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу ауданының тұрғынынан 5 қап марихуана тәркіленді

Жамбыл полицейлері Шу ауданының тұрғынынан бес қап марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданы Қонаев ауылының 60 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйін тінту барысында сарайдан жалпы салмағы 22 келі «кептірілген марихуана» есірткі құралымен бес қап табылды және тәркіленді.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Шу ауданының УҰИ-не қамауға алынды, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру