Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барды

Тәуелсіздік күні қарсаңында қостанайлық полицейлер қызмет атқару кезінде  қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер қаза болған әріптестерінің отбасына барып, еліміздің басты мерекесімен құттықтады.

Полиция қызметкерлері старшина Федор Балановский мен сержант Қайыржан Жаппасбаев 1992 және 2009 жылдары қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан.

Милиция старшинасы Федор Балановский ішкі істер органдарында 14 жыл қызмет еткен. 1992 жылғы 7 тамызда милиция старшинасы ұсталған адамды полицияға жеткізу кезінде қылмыскер тәртіп сақшысының табельдік қаруын иемденіп алып, оны қатты жарақаттаған. Қаза тапқан милиционер туралы естеліктер Қостанай облысы Полиция департаментінің «Милиция даңқы» мемориалы мен мұражайында сақталған.

Жол полициясы инспекторы Қайыржан Жаппасбаев қызмет атқару кезінде 2009 жылғы 1 тамызда мас жүргізушінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты. Полиция аға сержантының артында жұбайы Гүлжан мен ұлы Дәулет қалды.

Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Дүйсебаев Татьяна Балановская мен Гүлжан Жаппасбаеваға гүл шоқтарын табыстап, материалдық көмек көрсетті.

Қаза тапқан полицейлердің жұбайлары тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.

Полицейлер әр жылдары қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан 17 қызметкердің отбасына барды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру