Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласынан көлікті заңсыз айдап әкеткен азамат ұсталды

Қызылордалық полицейлер Алматы қаласынан көлікті заңсыз айдап әкеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 желтоқсан күні белгісіз азамат Алматы қаласында орналасқан автосалонның заңды өкілінің сеніміне кіріп, құны 13 миллион теңге тұратын автокөлікті заңсыз иемденген. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Тергеу барысында бұл автокөліктің Қызылорда облысының аумағынан өтіп бара жатқандығы анықталып,  Алматы қаласының Полиция департаменті Бостандық ауданының Полиция басқармасы дереу Қызылорда облысының Полиция департаментіне аталған көлікке қатысты бағдар жіберген.

Алматылық әріптестерден келіп түскен бағдар бойынша қызылордалық полицейлер іздеу жұмыстарына кірісіп, “Самара – Шымкент” тасжолының 1 803 шақырымының тұсында орналасқан жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенінің алдында бағдарда көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келетін көлікті байқаған.

Құжаттарын тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі көлікті сатып алғандығын айтқан. Алайда полицейлер көлік шанағының нөмірлерінің  сәйкес еместігін анықтаған.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша жинақталған құжаттар мен автокөлікті қызылордалық полицейлер алматылық әріптестеріне тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру