Заңсыз айналымнан аса ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді
Павлодарлық жедел уәкілдер есірткінің ірі арнасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер ер адамның есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодар қаласына жеткізуді ұйымдастырып, әрі қарай сатумен айналысқанын анықтады. Ұсталған кезде автокөліктің салонынан және жүк салғышынан жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған үш қап табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес табылған зат жалпы салмағы 139 келіден асатын марихуана екені анықталды. Ұсталған адам қамауға алынды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297- бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 395 келіден астам түрлі есірткі тәркіледі.