Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір күнде екі ұры ұсталды

Павлодар облысының Баянауыл ауданында бір күнде екі ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодар облысы Баянауыл аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны көмек сұрап жүгінді. Зейнеткер белгісіз біреудің үйінің дәлізіне кіріп, екі қап көмірін ұрлағанын хабарлады. Шығын сомасы 2000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Баянауыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Мұсатаев.

Полиция қызметкерлері сол күні Баянауыл ауданының шалғайдағы учаскелерінің бірінің аумағынан белгісіз біреудің шаруа қожалығының басшысына тиесілі рубероидті ұрлағанын жеткізді. Келтірілген залал 4200 теңгені құрады. Полицейлер қаскүнемді ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар полицейлер аймақ тұрғындарына пәтер ұрлығының құрбаны болмау үшін мына ережелерді есте сақтауды ескертеді:

– пәтерден шыққан кезде барлық терезелер мен есіктерді тексеріңіз;

– кіреберіс есіктерге сенімді құлыптар орнатыңыз;

– күзет дабылын орнатыңыз және оны қосуды ұмытпаңыз;

– кіреберіс есіктің кілтін дәлізде немесе басқа да қолжетімді жерлерде қалдырмаңыз.

– қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз дереу «102»нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру