Полицейлер балаларға сыйлықтар тарту етті
Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы 10 желтоқсан күні Қызылорда облысында орналасқан «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент бастығының орынбасары Пазылхан Нәлібаев «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Лиза Скаковаға осында тәрбиеленетін 61 балаға арналған сыйлықтарын табыс етті.
«Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Лиза Скакова балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған Полиция департаментінің басшылығына алғысын білдірді.