ҚАЖ қызметкерлерінің қатары толықты
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесіне жаңадан қабылданған жас қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев және ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыпкерей Баймағамбетов әріптестерін Тәуелсіздік мерекесімен және бүгінгі айтулы оқиғамен құттықтап, олардың азаматтық борыштарын абыроймен атқаратындықтарына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.
– Ант қабылдау – погондағы әрбір адамның өміріндегі маңызды оқиға. Енді олар ішкі істер органдарының толыққанды қызметкерлері атанып, ҚАЖ саласына үлес қосу үшін әріптестерінің қатарына қосылды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Руслан Салкымбаев.