Адал қызмет – ұрпаққа үлгі
Тәуелсіздік мерекесіне орай ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов адал қызмет атқарып, жұмыс бабында қайтыс болған полицейдің шаңырағына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Данияр Ерназарбеков – ОҚО, Ішкі істер департаментінің қызметкері, полиция подполковнигі шешіндегі қызметкер болатын. Небәрі 37 жасында жол көлік оқиғасынан қаза болған. Бүгінде Данияр Жуасбекұлының артынан анасы мен жұбайы және қос ұлы қалған. Департамент басшысы Ералы Жумаханбетов аталмыш отбасыға кез-келген уақытта көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Жаңа қонысына арнайы барып, жұмсақ жиһаз тарту етті.
– Ең үлкен мейрам ол – Тәуелсіздік. Президентімізге рақмет полицияға тиісті жағдай жасап жатыр. ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен келіп отырмын. Ауырмаңыздар. Аман болыңыздар. Бақытты болыңыздар. Бізден қандай көмек керек болса, біз дайынбыз. Есік ашық,- деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов.