Біреудің жоңышқасын өртеп жіберген ауыл тұрғыны ұсталды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында біреудің 2,5 млн теңге тұратын жем-шөбін өртеп жіберген ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 желтоқсан күні сағат 05:40 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Түгіскен ауылының тұрғыны мал қорада жиналып тұрған жоңышқасы мен 12 тонна жемін белгісіз біреудің өртеп жібергені туралы арызданған.
Жәбірленушіге 2 490 200 теңге залал келтірілген.
Аудандық тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары барысында осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның орын алу себебі және мән-жайы анықталуда.