Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері курсанттарға дәріс берді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай қаласындағы Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарына онлайн дәріс берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Айбол Махашев пен сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстары тобының бас маманы Серік Сейдахметов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай қаласындағы Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарына «Zoom»  платформасы арқылы  «Сотталғандарды камералық жағдайларда ұстаудың жай-күйі» және «Қайта қылмысқа жол бермеу, оларды болдырмау және алдын алу» тақырыптарына дәрістер өткізді.

Нақтыласақ, екі сағатқа созылған дәрісте А.Махашев  камералық жағдайларда ұсталатын сотталғандар тарапынан  жиі орын алатын құқық бұзушылықтар, яғни ішкі күн тәртібінде белгіленбеген уақытта төсек-орнын пайдалану, сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтарды жасыру мақсатында әрбір камераға орнатылған бейнебақылау камераларын істен шығару, сындыру, бұзу, бағытын басқа жаққа бұрып қою сынды әрекеттер туралы мәселелерді қамтыды.

Сонымен қатар ол курсанттарға сотталғандар арасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 121-бабының талаптарына сәйкес сотталғандардың кезекшілік тәртібімен жұмыстан бос уақытта ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарға қатысудан бас тарту секілді тәртіп бұзушылықтардың жиі орын алатынын айтты.

Бұған қоса С.Сейдахметов камералық типтегі сотталғандардың ұсталу жағдайына тоқталып, олармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының маңыздылығын және психолог-мамандар мен теолог-мамандардың еңбектерін атап өтті.

Дәріс барысында курсанттар мамандарға сұрақтарын қойып, практикалық жұмыс барысымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру