Қонаққа келген елордалық ұрлық жасады
Елорда тұрғыны қонақта болып, ұялы телефон ұрлығын жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлығы фактісі бойынша 42 жастағы елорда тұрғынын анықтап ұстады.
Жатақханада тұратын танысының үйінде қонақта болып күдікті адам олармен бірге спирттік ішімдік ішкен. Кейінірек, жатақханадан дәлізге шығып ол көрші бөлменің есігі ашық тұрғанын және онда тұратын ер адамның қатты ұйықтап жатқанын байқаған. Осы сәтті пайдаланып, әйел адам оның ұялы телефонын ұрлап алып, жатақханадан кетіп қалған.
Ұсталған адам мойындау айғағын берді. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.