Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтен біреуге несие ресімдеген алаяқ қолға түсті

Қарағандыда интернет арқылы бөтен біреуге несие ресімдеген алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Белгісіз біреу мобильді қосымша арқылы оның деректерін пайдаланып, 25 мың теңге несие алған.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

25 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы ер адамды ұстады, ол өз кінәсін мойындады.

Полиция қызметкерлері оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру