Қонаққа келген азамат үй иесінің алтын сақинасын ұрлап кеткен
Қарағандыда қонаққа келген ер адам пәтер иесінің алтын сақинасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама келіп түсті. 60 жастағы жәбірленуші ұрлықтың отбасылық шара кезінде болғанын түсіндірді.
Пәтерде көптеген қонақ, олардың арасында пәтер иесінің алтын сақинасын ұрлаған ұры да болған. Келтірілген шығын мөлшері 200 мың теңгені құрады.
Жиналғандардың ешқайсысы ұрлық жасаған адамды байқамаған. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.
27 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкері осы қылмысты жасаған 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады, одан алтын сақина тәркіленді.