Мекеме аймағына тыйым салынған заттарды өткізу дерегінің жолы кесілді
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізу дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 29 желтоқсаны күні сағат 20:10-да мекеменің сырты периметріне екі күдікті азаматтың таксимен келгені белгілі болды. Аталған жерге мекеме қызметкерлері дереу жетіп, екі күдікті азаматты ұстады.
Нәтижесінде аталған азаматтардан 1 литрлік 10 дана пластмасса ыдысқа құйылған барлығы 10 литр спирттік ішімдік тәркіленді. Түнгі уақытта жақсы көрінуі үшін олар әр ыдысқа жарық беретін құрылғы жапсырған.
Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.