Бейнебақылау камераларының көмегімен 16 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда қаласының ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Қызылорда қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына 37 мыңға жуық қоңырау түсіп, полиция құзырына жататын 36 мыңнан астам хабарламаға қызмет көрсетілді.
Жыл басынан бері ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 16 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 мыңы жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады.
Жедел басқару орталығының инспекторлары автокөлік құралдарының қозғалыстың қарсы бағытына шығуының 242 дерегін анықтап, олар бойынша патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырды.
Бұдан басқа бейнебақылау камераларының көмегімен 102 қылмыс ашылды.