Сыр сақшылары балаларға сыйлықтар тарту етті
Қызылордалық полицейлер балаларды қуантты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы Отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, оның 3-18 жас аралығындағы 56 тәрбиеленушісіне тәтті сыйлықтар тарту етті.
- Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай балаларға қолдан келгенше сый-сияпаттар әкелдік. Балалар үйінің ұжымына үлкен рахмет айтамыз. Осы азаматтарды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде тәрбиелеп, қатарға қосатынына менің сенімім кәміл, - деді Басқарма бастығының орынбасары Дінмұхаммед Әбілқасымов.
- Қызылорда қалалық ПБ-ның басшылығына және қызметкерлеріне тәрбиеленушілер атынан алғыс білдіремін. Бала – өмірдің гүлі. Олардың болашақта мақтан тұтардай азамат, өз елінің патриоты болуы біздің қолымызда, - деді балалар ауылының директоры Лиза Скакова.
Мұндай іс-шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Полицейлер жыл сайын балаларды қуантуға асығады.