Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қонаққа келген студент қыз курстасының телефонын қолды қылған

Елордалық колледждердің бірінде оқитын студент қыз курстасының телефонын ұрлап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық колледждердің бірінде оқитын студенттің әкесі ұялы телефонның ұрланғаны туралы полицияға арызданған.

Қымбат бағалы гаджет жоғалған кезде оның қызына курстасы қонаққа келіп, түнде қонуға қалған. Ертеңіне курстасы кеткеннен кейін ұялы телефонның жоғалғаны анықталған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған қыз ұрлық жасағанын мойындап, телефон иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру