Пробация қызметі аз қамтылған отбасыға көмек берді
Ақтөбеде Пробация қызметі есепте тұрған аз қамтылған сотталған азаматшаға азық-түлікпен көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі «Добрые руки» еріктілер тобымен бірлесіп, есепте тұрған зейнеткер азаматшаның отбасына бірінші кезекте тұтынылатын азық-түліктер жеткізіп берді. Күтпеген жерден жасалған қайырымдылық іс- шарасы сотталған азаматшаның көзіне қуаныштан жас алғызды.
– Өзім жалдамалы пәтерде тұрамын. Ұлым қайтыс болған, қызым басқа қалада тұрады. Өзімнің зейнетақым ай сайынғы пәтерақысы мен несиеден ауыспайды. Сондықтан бұл мен үшін үлкен көмек.
Менің осы жағдайымды ескеріп, осындай көмек беріп жатқан Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің басшылығына, соның ішінде аға инспектор Әйгерім Сариеваға үлкен алғыс айтқым келеді, – деді қамқорлыққа бөленген есепте тұрған зейнеткер азаматша.
– Бұған дейін «Добрые руки» еріктілер тобы Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10-нан астам мұқтаж отбасына қолдау көрсеткен болатын.
Жалпы, есепте тұрған сотталған азаматтарға арналған мұндай қолдаулар – олардың қоғамға бейімделулеріне және қайта қылмыстың алдын алуда септігін тигізеді деп сенеміз, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы Руслан Кульмурзин.