Асыл тұқымды ит иесіне қайтарылды
Қызылордалық тұрғын асыл тұқымды итін тауып берген
полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 58 жастағы қала тұрғыны асыл тұқымды Нико деген итін табуға көмектесу туралы жүгінген.
Оның айтуынша, есік алдында серуендеп жүрген итін кешкілік уақытта белгісіз біреулер жеңіл автокөлікке салып алып кеткен. Келтірілген шығын 400 000 теңгені құрады.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ит табылып, иесіне қайтарылды. Сенімді серігі өзіне қайтарылған тұрғын полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.