Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мас күйінде жас әйелді соғып кеткен жүргізуші сотталды

Алматы қаласында 2020 жылдың қыркүйегінде мас күйінде жас әйелді соғып кеткен жүргізуші сотталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

– Таңғы сағат 9-дар шамасында жүргізуші Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережелерінің 2.4.2-тармағының талаптарын бұза отырып, алкогольдік мас күйінде бола тұра, өзінің заңсыз әрекеттері жол қозғалысына басқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін түсіне тұра, Алматы қаласы Наурызбай ауданы Тау самалы шағын ауданындағы  Мереке көшесінің бойымен солтүстік бағытта “Suzuki” автокөлігімен келе жатып, қауіпсіздік шараларын қабылдамай, жылдамдығын азайтпай, сол көшемен аталған бағытта кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіге соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші орташа ауырлықтағы жарақат алды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шарипов.

Наурызбай аудандық сотының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы үкімімен аталған жүргізуші ҚР ҚК-нің 345-1-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл әрекеті үшін ол 10  жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сонымен қатар апат салдарынан зардап шеккен әйел Алматы қаласы ПД АБ аға анықтаушысы Дмитрий Путилинге ризашылығын білдіріп, Департамент басшылығының атына алғыс хат жазды.

– Дмитрий Путилин бұл қылмыстық істі жан-жақты зерделеп, қылмыстық іс материалдарын ҚР Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес қарау үшін сотқа жіберді. Қызметке адал қарым-қатынасы арқылы ол өзінің кәсіби шеберлігін және объективтілігін көрсетті. Мен ішкі істер органдарының қатарындағы осындай үлгілі қызметкерлер үшін Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа, Алматы қаласының ПД бастығы Қ.Таймерденовке шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Дмитрий Путилинді марапаттау мәселелерін қарастыруды сұраймын, – деді зардап шеккен азаматша.

Алматы полициясы өз кезегінде ішкі істер органдарының қызметіне объективті баға бергені үшін хат авторына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру