Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Электрондық портал арқылы 450-ден астам азаматқа қызмет көрсетілді

Алматы облысы Панфилов ауданының полицейлері электрондық портал арқылы 450-ден астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Панфилов ауданының ПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы 2020 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру нәтижелерін ұсынды.

Панфилов ауданының ПБ бастығы Жандос Кавлиевтің айтуынша, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы “Е лицензирование” электрондық порталы арқылы азаматтарға 454 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 130-ы азаматтық қару иеленуге рұқсат беру, 95-і азаматтық қаруды сақтау мен алып жүру құқығына рұқсат беру, 185-і қаруды сақтау мен алып жүру құқығын ұзартуға рұқсат беру, 44-і қаруды сақтау мен алып жүру құқығынан бас тартуға рұқсат беру болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру