Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнін қорытындылады

Шымкенттік полицейлер «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнін қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 13 қаңтары мен 12 ақпан аралығында Шымкент қаласының аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шараның мақсаты Шымкент қаласының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау, сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты ел аумағынан шығалмай қалған шетелдіктірді әкімшілік жауапкершіліке тартпай Қазақстан Респбуликасының аумағынан шығуға ықпал ету болып табылады.

Іс-шараның бір күндік нәтижесінде жалпы 14 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде: – ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша – алты жайт;

-ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша – үш; 

-ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 2-бөлігі бойынша – үш;

-ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 3-бөлігі бойынша – бір;

– ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша – бір жайт. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру