Колонияға тыйым салынған зат өткізу дерегінің жолы кесілді
Семей қаласының тұрғыны колонияға телефон лақтырмақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты колония аумағына лақтыру дерегінің жолын кесті.
Мекеме қызметкерлері колония маңын патрульдеу кезінде колонияның негізгі қоршауынан белгісіз зат лақтырмақ болған ер адамды ұстады.
Ұсталған адамның жеке басын тексеру кезінде одан скотчпен оралған түйіншек алынып, оның ішінен ұялы телефон табылды.
Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның Семей қаласының 36 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті азамат скотчпен оралған түйіншекті мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанның біріне лақтырмақ болғанын айтты.
Аталған факт бойынша материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.