Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқу орталығына ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері оқу орталығына ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнем оқу орталығынан жалпы құны 1 млн 200 мың теңге  тұратын техниканы, атап айтқанда “LG” маркалы теледидарды, “НР” маркалы принтер мен микротолқынды пешті жымқырған.

Ер адамның оқу орталығына түнде пластикалық терезені сығымдау арқылы кіріп, ұрлық жасағаны анықталды. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалмас үшін бет-жүзін жауып тұратын бас киім киген.

Ол ұрлаған заттарын таксиге тасыған, келесі көшеде күтіп тұрған такси жүргізушісі ештеңеден күдіктенбеген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын бірнеше рет сотты болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындады, заттай айғақтар тәркіленіп, оқу орталығына қайтарылды. Сондай-ақ, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне объектілерін күзет дабылымен жабдықтауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру