Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас жігіт тұрақты түрде ұрлық жасаумен айналысқан

Теміртауда кәнігі ұры кезекті ұрлығы кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтардың басынан бастап Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасының Ескіқалалық полиция бөлімінің аумағындағы сауда орындарында ұрлық фактілері жиілеп кетті.

Ұрлықтың барлығы түн мезгілінде орын алған. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Белгісіз ұрының қылмыстық әрекеттерін тоқтату үшін Ескіқалалық полиция бөлімінде түнгі жедел-іздестіру тобы құрылды. Полиция қызметкерлері ассортименті ұрыны қызықтыруы мүмкін дүкендерді бақылауға көшті.

17 қаңтарда Республика даңғылында түнгі жедел-іздестіру тобының қызметкерлері темір торды майыстыру арқылы азық-түлік дүкендерінің біріне кіруге тырысқан белгісіз бір адамды байқады.

Бұл жолы күдікті жоспарын іске асыра алмай, полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Күдікті 21 жастағы жас жігіт болып шықты, ол бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге тырысқанын мойындады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оның бұрын жасалған үш ұрлыққа қатысы барын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру