114 қару тәркіленді
Павлодар облысының тұрғындарынан заңсыз сақталған 114 қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дүкенге барып, өзіміз қалаған тапаншаның, мылтықтың немесе басқа да қарудың кез келген түрін еркін сатып ала алмайтынымыз бәрімізге мәлім. Азаматтардағы әрбір қару тіркелуі және қатаң бақылауда болуы тиіс.
Егер бұл талап бұзылса, онда қару иесіне айыппұл салу, кейде тіпті қамауға алу жазасы беріледі. Сондықтан қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Павлодар облысының полицейлері азаматтардан заңсыз сақталған қаруды алу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.
Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров жыл басынан бері полиция қызметкерлерінің заңсыз сақталған қарудың 1 фактісін анықтағанын, ал 2020 жылы 114 бірлігін тәркілегенін айтты.
Мысалы, Май ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғыннан тіркеу нөмірі жоқ шам түріндегі электр есеңгіреткішті тәркіледі. Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Бұдан басқа павлодарлық азаматтан 9 мм калибрлі «UMAREX» маркалы тіркелмеген газды револьвер тәркіленді. Қару иесіне қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғыны үйде тіркелмеген «ИЖ-18Е» маркалы 16 калибрлі мылтық ұстаған. Бұл азаматқа да полицейлер Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Есіңізде болсын, кез-келген қару өте қауіпті зат болып табылады, оны қолдану бойынша тәжірибесі жоқ адамдардың қолында ол өте қауіпті болуы және абайсызда қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.