Ақтөбеде «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 20-22 қаңтары аралығында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның мақсаты – автокөлік жолдары бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру.
Өткен 2020 жылы қоғамдық көліктердің қатысуымен 17 жол-көлік оқиғасы болды, нәтижесінде 25 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты.
«Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 20 қаңтарында облыс орталығының негізгі жолаушылар тасымалдаушыларымен семинар-кеңес өткізді.
Қоғамдық көлік көлік ағындарының ажырамас бөлігі болып табылатын және жалпы авариялық жағдайға әсер ететін Ақтөбе қаласының көше-жол желісінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азайту негізгі мақсат болып табылады.