Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында 2020 жылы сотқа 3,5 мыңнан астам қылмыстық іс жіберілген

Қостанай облысында 2020 жылы сотқа 3,5 мыңнан астам қылмыстық іс жіберілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының Полиция департаментінде тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық қызметтердің 2020 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Осы шарада аталған қызметтердің жұмыс барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізген үздік қызметкерлері атап өтілді.

Рейтинг нәтижелері бойынша аумақтық тергеу бөлімшелері арасында Лисаков қаласының полиция бөлімі үздік деп танылды, Меңдіқара ауданының полиция бөлімінің анықтау қызметі үздік анықтау бөлімі атағын жеңіп алды.

Тергеу және анықтау бөлімшелері арасында «Жылдың үздік басшысы» атағы Рудный қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Кәкеновке бұйырды.

Қостанай қаласының ПБ мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімшесінің бастығы Алексей Пряхин жылдың үздік тергеушісі болып танылды, Б.Майлин атындағы ауданның ПБ анықтаушысы Евгений Обертынский жылдың үздік анықтаушысы болды. Олар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, жұмыс рейтингі бойынша ең көп балл жинаған тергеушілерде назардан тыс қалған жоқ.

Іс-шара барысында облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Дүйсембеков 2020 жылы тергеушілер мен анықтаушылардың өндірісінде 24 мыңнан астам қылмыстық іс болғанын, оның ішінде 16 130 істің өндірісі аяқталғанын атап өтті. Сотқа 3,5 мыңнан астам іс жіберілді, оның ішінде сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу тәртібінде 1 229 қылмыстық іс, хаттамалық формада 339 іс аяқталды.

Облыстың криминалистері 5,5 мыңнан астам оқиға орнын қарап, 6 172 криминалистикалық зерттеу жүргізді, олар бойынша 2500-ден астам оң нәтижелер алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру