Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде «Мал ұрлығы» қорытындыланды

Ақтөбелік полицейлер «Мал ұрлығы« жедел алдын алу ісшарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында 20-22 қантар аралығында заңсыз мал сатып алу және ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын адамдарды анықтауға және есепке қоюға, сондай-ақ бұрын жасалған мал ұрлығын ашуға және оларға қатысы бар адамдарды ұстауға бағытталған «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шара өткізілді.Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде үш мал ұрлығы фактісі тіркеліп, олар кезекші тәулікте ашылды.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында 136 автокөлік, 132 ет өнімдерін сату орны және 274 шаруа қожалығы тексерілді.

Мал және ет өнімдерін тасымалдау кезінде жалпы 24 хаттама толтырылып, ветеринарлық қызметке жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру