Алматылық полицейлер өткен жылы ұрылардың 150 тобын әшкереледі
Алматылық полицейлер өткен жылы ұрылардың 150 тобын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 қылмыстық топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылды, оның 40-ы пәтер ұрлығымен айналысқан, олар есебінде 324 эпизод бар, тағы 85-і қоғамдық орындарда ұрлық жасаған.
– Өткен жылдың басында барлық ұрлықтардың үлесі тек Алматы қаласында ғана емес, бүкіл республика бойынша 70% -дан астам болғандығын ескере отырып, біз қылмыстың осы түрінің алдын алуға және шешуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдадық. Алдағы жылға арналған басым бағыттардың бірі – бұл көрсеткішті 40%-ға дейін төмендету. Осы мақсатқа жету үшін қылмыстық полиция қызметкерлерінің үштен екісі ұрлықтарды ашуға қатысады. Оның ішінде пәтерлердегі ұрлықтардың алдын алу және ашумен айналысатын арнайы топ құрылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар, спикер өткен жылдың аяғында ұрланған мүліктің жеті ірі сатып алушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын баса айтты. Қылмыстық жолмен алынған 800-ден астам телефон, 100-ден астам ноутбук және басқа да мүлік тәркіленді.