Ақтөбе облысы Полиция департаменті қарудың сақталуына ерекше назар аударады
Ақтөбе облысы Полиция департаменті иелерінің тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың сақталуына ерекше назар аударады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әр дүйсенбі және бейсенбі күндері оқу орталықтарында облыстық ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері қаруды тіркеу мәселесі бойынша қару иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Осыған қарамастан, қару иелері құқықбұзушылықтарға жол беріп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 554 адам, қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 334 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысы Полиция департаменті қару иелерінен қаруды сақтау және қайта тіркеу шарттарының заңмен белгіленген барлық ережелерін сақтауды сұрайды.
Мәлімет үшін қару мен оның патрондары еденге немесе қабырғаға мықтап бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм және есіктегі ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталуы, сондай-ақ сигнализациямен жабдықталуы тиіс.