Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қайтадан көлік тізгініне отырған
Қызылордада масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізушілік куәлігінен айырылған азамат қайтадан көлік тізгініне отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 27 қаңтары күні Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатты.
Автокөлікті облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. Тексеру барысында аталған азаматтың 2020 жылғы 24 шілдеде 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны, алайда оның көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіргені анықталды.Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл алаңына қойылды.
Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарына жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді сұрайды.