Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда пәтер ұрлығы ашылды

Қарағандыда бөтен біреудің пәтеріне ұрлыққа түсіп, құнды заттарын алып кеткен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол белгісіз біреудің пәтеріндегі барлық бағалы заттарды ұрлап кеткенін айтып шағымданды.

Ұрының «Samsung» маркалы теледидар, ноутбук секілді бағалы заттармен қоса, жәбірленушінің жеке заттарын да алып кеткені анықталды. Келтірілген шығын мөлшері 800 мың теңгені құрады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

27 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 25 жастағы жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындап, одан айғақ заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру