Қызылордалық полицейлер өтініштерді қарау тәртібі туралы кеңеске қатысты
Қызылорда облысының полицейлері азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы кеңеске қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеңес барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің құрылымдық бөліністерінің 2020 жылдың 12 айында азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жүргізген жұмыстарына талдау жасалды.
Сондай-ақ, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық басқармасының қызметкері Қызылорда облысы Полиция департаментінінің барлық құрылымдық бөліністеріне өтініштерді қараудың тиімділігін арттыру, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында төменде көрсетілген талаптарды мүлтіксіз сақтауды ұсынды:
– «Азаматтардың өтініштер» автоматтандырылған базасына өтініштерді тіркеу кезінде мәліметтердің айқындылығы мен толықтығын, уақтылы және сапалы енгізілуін қамтамасыз ету;
– өтініштерді уақтылы қарауды, материалдарды уақтылы талап етуді және заңнамамен белгіленген мерзім шеңберінде тексерулер өткізуді қамтамасыз ете отырып, олар бойынша қарау мерзімдерін айрықша жағдайларда ғана ұзарту;
– өтініште көрсетілген барлық мәселелерді қарауға, олар бойынша түбегейлі шешімдер қабылдау және қарау сапасын арттыру;
– өтініштерді құзыреттілігі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға уақтылы жолдау;
– өтініштердің қайталануына жол бермеу;
– «электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түскен өтініштерді уақтылы тіркеп, жауапт берілуін қамтамасыз ету.