Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды жылы орындарға орналастыру жалғасуда

Павлодар облысының полицейлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына жеткізуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйсіз адамдар үшін қыстың қаһарлы аязы – нағыз сынақ. Аязды күндері ауруханаларға түсетін пациенттердің негізгі бөлігін үй-күйсіз адамдар құрайды. Өкінішке орай, қыс мезгілінде полиция мәліметтерінде мұндай адамдардың өлімі туралы хабарламалар жиілейді.

Сондықтан да осы кезеңде полицейлердің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың суықтан өліп қалуы мен үсіп қалу фактілеріне жол бермеу.

– Аязды күндер біз үшін күрделі уақыт. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар қатты аяз күндері жылынудың кез-келген жолын іздеуге мәжбүр болады. Жыл басынан бері қабылдау-тарату орнына 157 адам жеткізілді. Олардың 40-ы құжаттары мен үй-күйі жоқ азаматтар. Мысалы, бір күні бізге қаланың қоқыс жәшіктерін егжей-тегжейлі қарап жүрген әйел адам жеткізілді. Татьяна 42 жаста. Шамамен 12 жылдан бері көшеде тұрады. Оған қоқыс жәшігінен тамақ табу оңай болған, – дейді Павлодар қалалық Полиция басқармасының қабылдау-тарату бөлімінің бастығы Аман Әбілбейісов.

Полиция қызметкерлері басқа да жағдайлар туралы айтып берді. мысалы, тағы бір ер адам Суворов зиратының жанындағы құдықтан табылған. 44 жастағы Владимирді әйелі үйден қуып жіберген, ол құжаттарын жоғалтып, бірнеше жыл бойы досымен бірге тұрып келген. Владимир мен оның серігі қазір қабылдау-тарату орнында.

Қабылдау-тарату орнына жеткізілетін адамдардың тағдырлары әртүрлі жолдармен дамиды. Біреулері кетіп, ешқашан оралмайды. Кейбірі бұл жерді қайтадан паналауға мәжбүр.

– Көптеген адамдардың құжаттарын қалпына келтіріп, жұмысқа орналасуға және тұрғын үй мәселелерін шешуге көмектестік. Кейде қайғылы жағдайлар да кездеседі. Мысалы, 26 қаңтарда Екібастұз қаласындағы Королев – М.Әуезов көшелерінің қиылысындағы жылу трассасынан полицейлер зорлық – зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйітін тапты. Кейін оның 57 жастағы көру қабілеті нашар азаматша екені анықталды. Оны қызы таныды, – деді ол.

Полиция қызметкерлері қабылдау – тарату орнының есігі тәулік бойы ашық екенін еске салады.

Құрметті азаматтар! Егер көшеде, жертөлелерде немесе үйлердің кіреберістерінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар анықталған жағдайда  51-58-51 немесе «102» телефонына хабарлау керек.

Егер Сіз дәрменсіз адамды байқасаңыз, оған жақындап, көмек көрсетуге тырысыңыз, себебі кез-келген сәтте кез-келген адам күтпеген сәтте дәрменсіздікке ұшырауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру