Павлодарда «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Павлодарлық полицейлер «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1-5 ақпан аралығында ел аумағында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері көші-қон саласындағы заңнама талаптарын сақтау және облыс аумағына келген шетелдіктер туралы ішкі істер органдарын хабардар ету туралы қонақ үйлердің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
– Шара шетелдіктерді тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тиісті есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету, шетелдіктердің елде болу қағидаларын бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында өткізіледі, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Ахметов.