Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кафе карантин кезінде демалушыларды қабылдаған

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеп, келушілерді қабылдаған кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында тұрақты түрде рейдттік іс-шаралар жалғасуда. Алайда қойылған шектеулерге қарамастан сағат 02:40 шамасында Шымкент қаласы Үркімбаев көшесінде орналасқан «Galaxy Rox» кафесі жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Қаулыда көрсетілген шектеулерді өрескел бұзып, ешқандай ескертулерді елемей жұмысын жалғастырған кәсіпкерлік нысанның әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру