Полицейлер жоғалған автокөлікті иесіне қайтарды
Шымкенттік полицейлер жоғалған автокөлікті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы Шымкент қаласының тұрғыны хабарлама берген. Онда 10 қаңтар сағат 20:30 шамасында үйінің алдында тұрған өзіне тиесілі құны шамамен 800 мың теңгелік «Oпель Вектра» маркалы көк түсті автокөлігін белгісіз азаматтар заңсыз айдап кеткені жөнінде айтып, көмек сұрған.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азаматтар 26 қаңтарда ұсталып, полицияға жеткізілген.
Тексеру нәтижесі бойынша тұрғындарға жеке құқықтық баға беріледі. Жергілікті тұрғын автокөлігін тауып бергені үшін полицейлерге алғысын білдірді.