Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы 15 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде бейнебақылау камералары арқылы 15 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25-31 қаңтар күндері аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына әр түрлі сипаттағы 5 216 қоңырау шалынды. Оның 2 112-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел басқару орталығы Бейнебақылау тобының инспектоларымен сыртқы бейнекамералары арқылы 15 қылмыс ашылды.  Олар: ұрлық – сегіз, бұзақылық – екі, автокөлікті заңсыз иемдену – үшеу және басқада –екі. 

Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 930 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды. 

Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – он бес жайт;  ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 23;  ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 32, жол ережесін бұзғандар – 652 , одан басқа да 208 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру